Колледждің даму тарихы

1948 жылы 18 шілдеде Гурьев облысының Мақат ауданы Ескене өндірістік орталығында зоотехниктер мен ветеринарлар дайындайтын «Зооветеринарлық» техникум ашылды.

1953 жылы облыс орталығына көшірілді.

1954 жылы сырттай оқу бөлімі ашылды.

1962 жылы 14 шілдеде зооветеринарлық техникум Гурьев ауыл – шаруашылығы техникумы болып қайта құрылды.

Осы жылдан бастап жаңадан «Техник-механик», «Агроном» және «Бухгалтер» мамандықтары ашылды. 1975 жылы жаңа 4 қабатты типтік оқу ғимараты, 5 қабатты жатақхана ғимараты, 2 қабатты асхана, гараж, оқу шеберханалары. Қала шетіндегі Гайдар 25 мекен жайы бойынша пайдалануға берілді.

30 мамыр 1997 жылғы Атырау облысы әкімінің № 437 шешіміне сәйкес Гурьев ауыл шаруашылығы техникумы мен Гурьев теңіз балық өнеркәсібі техникумы оңтайландырылып Атырау ауыл-шаруашылығы колледжі болып ауыл-шаруашылығы және бірден бір орта арнаулы маман дайындайтын облыстағы іргелі ірі оқу орнына айналды.

1999 жылы 5 ақпанда оқу ғимараты  қорғаныс министрлігіне қарасты шекара қорғау әскери бөліміне беріліп, вокзал маңы Баймуханова 45 Б ғимаратына (бұрынғы Атырау политехникалық колледжінің 5 қабатты жатахана ғимараты) көшірілді.

2002-2003 оқу жылында оқу ғимаратының кабинеттері күрделі жөндеуден өтіп, сабақ өткізу сыныптарына биімдеді және мамандықтар бойынша арнаулы оқу кабинеттері жабдықталды.

2003-2004 оқу жылында Спорт-дене шынықтыру комплексі пайдалануға берілді және «Жерге орналастырушылық» мамандығы ашылды.

2004-2005 оқу жылында колледж ауласында тас төселіп жолдар салынып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. 8 секциялы оқу жаттығу автокөлікткріне арналған «Гараж» пайдалануға берілді.

2005-2006 оқу жылында сұранысқа ие «Ғимараттар мен үймәреттер салу және пайдалану» мамандығы ашылды. Компьютерлік кабинеттер мен мультимедиалық кабинеттер ашылды және интербелсенді тақталармен заман талабына сай лабораториялар жабдықталды.

2006-2007 оқу жылында колледж СМК ИСО 9001-2001 сапа сертификатына ие болды.

Атырау облысы әкімінің шешімімен Геолог селолық округінде оқу – өндірістік тәрбие және практикалық сабақтар өткізу үшін 4  га жер бөліп берілді. «Еңбекті қорғау» кабинеті ашылды.

2007-2008 оқу жылында «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» мамандығы бойынша оқу өндірістік шеберхана ғимараты пайдалануға берілді.

2008-2009 оқу жылында колледжде оқу кабинеттерін түбегейлі жаңа үлгідегі компьютерлендіру процессі жүргізілді,  интербелсенді тақталар алынды.

2009-2010 оқу жылында № 2 оқу ғимараты 360 орындық пайдалануға берілді.

«Есеп және аудит», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтары ашылды. Осы жылы СМК ИСО 9001-2009 сертификаты бекітілді.

2010-2011 жылы колледж мұражайы жаңа экспонаттармен толықтырылып, жаңа орынға көшірілді.

Бағалы жаңа оқу құрал –жабдықтары электронды тахеметр, лингафон кабинеті, экология лабораториясы, инжекторлық стендтер, МТЗ – 82 тракторы, ПЛН 3-35 соқасы, жону және кесу станоктары алынды.

2011-2012 оқу жылында «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандығы бойынша жаңа оқу өндірістік шеберхана ғимараты пайдалануға берілді және тренажер – жаттығу компьютерлік құрал жабдықтары алынды.

2017-2018 оқу жылында «Платонус» ақпараттық  жүйесіне көшу процесі басталды.

Колледждің ресми атауы – «Атырау аграрлы-техникалық колледжі» коммуналды-мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Колледж заңды тұлға болып табылады, өздік балансы және дербес шоты бар. Колледж коммерциялық емес ұйым және 2010 жылы 7 желтоқсанда берілген № KZ2710871070306525  ҚР СТ ИСО 9001-2009«Сапа менеджмент жүйесі» талаптарына сәйкестік сертификаты бар, сертификат 2013 жылдың 7 желтоқсанына дейін жарамды. Колледж өз білім беру қызметін Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі берген мемлекеттік лицензияға (серия АА №0010053, 23.12.2002 ж.) сәйкес жүзеге асырады.