Телқұжат беру ережесі

1.Жалпы ережелер

      1.1. Мемлекеттік үлгідегі дипломның (бұдан әрі – диплом) бланкілері арнаулы кәсіпорында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің (бұдан әрі – ЖАК) тапсырысымен белгіленген үлгілерге сәйкес басылады.
2.2.Дипломдар мен аттестаттар 15,5х11,5 см. өлшемде қызғылт (дипломдар) немесе көкшіл (аттестаттар) түсті қорғау дәрежесі бар арнаулы қағаздан дайындалады.

Құжаттардың сыртқы бетінің жоғары жағына – “Қазақстан Республикасы” сөзі, төмен жағында мемлекеттік тілде құжаттың аты қызғылт немесе көкшіл бояумен баспаханалық тәсілмен басылады. Ортасына мемлекеттік рәміздің ресми сипатталуына сәйкес түсте Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы орналасады.

Толтырылмаған құжат бланкілерінің ішкі беттеріндегі мәтін баспаханалық тәсілмен қызғылт (дипломдар) немесе көкшіл (аттестаттар) бояумен басылған.

Құжаттардың мазмұны сол жақтағы ішкі бетінде мемлекеттік тілде, оң жағында-орыс тілдерінде келтіріледі.

2.Дипломдарды және олардың  телқұжаттарын беру.

     2.1. Дипломдарды  жеке басын куәлендіретін құжатын көрсеткен жағдайда ізденушілердің өздеріне немесе белгіленген тәртіп бойынша ресімделген сенім хаты бар адамдарға беріледі.

2.2. Берілетін дипломдардың тіркеу үшін әр құжат түрі бойынша арнаулы журнал жүргізілуі тиіс, оған төмендегідей мәліметтер енгізіледі:

1)реттік тіркеу нөмірі;

2)берілген күні;

3)дипломның  нөмірі;

4)ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты;

5)мамандығы;
6)алушының жеке басын куәлендіретін құжатының мәліметтері;
7)Директордың  қолы;

8)алушының қолы.

Берілген дипломдарды тіркеуге арналған журналдар жіппен тігіліп, нөмірленеді және құжаттарды ресімдеумен айналысатын құрылымдық бөлімшесінің бастығында (бастығының орынбасарында) сақталады.

2.3. Дипломдар  иелеріне тапсыру оларды алғаннан кейін қысқа мерзімде өткізілуі тиіс. Тапсыруға жауапты қызметкерлер ізденушілерге дипломдардың тапсырылатын күні туралы хабарлайды. Құжаттар ізденушілерге ведомость бойынша қол қойдырылып беріледі.
Дипломдарды алғаны жөнінде қол қойылған ведомостар ұйымдарда қатаң есептегі құжаттар ретінде сақталады.

Бір жыл бойы берілмеген дипломдар ізденушілерге тапсырылмау себебі көрсетіліп  қайтарылады.

2.4. Дипломын  жоғалтқан адамдар диплом қорғаған жеріндегі  жоғалту себептерін көрсетіп құжатының телқұжатын беру туралы жазбаша өтініш береді.

2.5. Ұйым басшыларының өтініші қанағаттандырылған жағдайда дипломын жоғалтқан адамдарға  жаңа нөмірмен телқұжат береді.
Дипломның телқұжатының оң жақтағы ішкі бетінің жоғарғы оң бұрышына “телқұжат” деген сөз басылады.

2.6. Тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда өтініш берушінің диплом  жаңасына ауыстырылмайды, ал телқұжат бұрын берілген құжаттарға толық сәйкес күйде беріледі.

2.7. Дипломдар бланкілері қатаң есептегі бланкілер ретінде сақталады және арнаулы реестр бойынша есептеледі. Олардың сақталуына құжаттарды ресімдеумен айналысатын  құрылымдық бөлімшесінің бастығы жауап береді.