Академиялық анықтама беру ережесі

  1. Жалпы ережелер.

1.1. Осы білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген.

1.2. Білім беру ұйымы білім алушының академиялық демалысты рәсімдеуге берген өтінішін алдын-ала білім алушылардың аралық аттестаттауы басталуына дейін қарайды.

1.3. Академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру (дәрігерлік-консультациялық комиссияның  негізінде академиялық демалыстағы білім беру гранттарының иегерлеріне белгіленген тәртіппен стипендиялар төлеу үшін қарастырылатын шығыстарды қаржыландырудан басқа) берілген академиялық демалыс кезеңі бойында тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.

1.4. Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс беру кезінде академиялық демалыс кезеңі бойында оқуына төлемақы төлеу тоқтатылады.

                 2. Академиялық демалыстар беру тәртібі мен мерзімдері.

2.1. Академиялық демалыс білім алушыға дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының (будан әрі қарай -ДКК) қорытындысы анықтамасы негізінде 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімде, ерекше, аппатты жағдайларда 2 жылға дейін ғана беріледі.

2.2. Дәрігерлердің медициналық көрсеткіштері бойынша академиялық демалыс беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығаруы үшін білім алушы білім беру ұйымына қызмет көрсететін емдеу-профилактикалық ұйымға өзі бақылауға алынған медициналық мекемеден алған сырқат тарихынан жан-жақты баяндалған көшірмесін тапсырады.

2.3. ДКК сырқаттанушы (жүкті) адамға академиялық демалыс беру туралы немесе денсаулық жағдайы бойынша басқа  мамандыққа оқуға ауыстыру туралы қорытынды шығарады.

2.4. Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына өтініш береді, ДКК Қазақстан Республикасы Қарулы кұштер қатарына шақыруын Қазақстан Республикасы Қарулы кұштер қатарына шақыруы жөніндегі анықтамасымен ұсынады.

2.5. Мәселе оң шешілген жағдайда білім беру ұйымының басшысы білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.

2.6. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін білім саласындағы уәкілетті органға, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім беру саласындағы жергілікті атқару органдарына жолдайды.

2.7. Туберкулезбен ауырған білім алушыларға бір жыл мерзімінде академиялық демалыс беріледі. Ауруы асқынған жағдайда оқуды жалғастыру мүмкіндігі немесе басқа білім беру ұйымдарына ауысуы туралы мәселе дербес тәртіппен шешіледі.

2.8. Республиқалық бюджеттен қаржыландарылатын академиялық демалыстан оралған білім алушы кезекті академиялық кеңесінің басталуына дейін, білім беру ұйымының басшысы атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беру, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтама (ДКК) ұсынады. Осы негізде білім Беру ұйымының басшысы мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.
Бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімін түзету үшін, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы білім саласындағы уәкілетті органға, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы білім саласындағы жергілікті атқару органдарына бұл бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
2.9. Ақылы негізде білім алушы білім беру ұйымының басшысы атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беру, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтама (ДКК) ұсынады. Осы негізде білім беру ұйымының басшысы мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.

2.1.1. Академиялық демалыстан оралған білім алушы жұмыс оқу жоспарларында пәндер айырмашылығы болған жағдайда, ол айырмашылықтарды жоюға тиіс.

2.1.2. Оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығын жою үшін ағымдағы оқу сабақтарымен ұстаз білім алушы академиялық кезең ішінде барлық сабақ түрлеріне қатысады, оқу жоспарында қарастырылған ағымдық бақылауларды тапсырып аралық аттестаттауға рұқсат алады.

2.1.3. Академиялық демалыстан оралған білім алушылардың оқу жоспарларындағы пән айырмашылығы білім алушылардың аралық аттестаттауы кезеңінде немесе жазғы семестрде белгіленген тәртіппен тапсырылады.