Абай мұрасы — халық ұлағаты

Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, қазақ əдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы , ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжінің жоғары санатты қазақ тілі мен əдебиеті пәні мұғалімі , «Жас қаламгерлер» үйірме мүшесінің жетекшісі, «Бабалар үні» ақылдастар алқасының «Абай мұрасы» бағытының жетекшісі А.К Нугмарова облыстық «Абай мұрасы — халық ұлағаты» атты дөңгелек үстел өткізді .Шараға арнайы шақырылған қонақтар; Б.Ж Таубаев , С.Ж Сапанов, Қ.Ғабдолов , М.Н Ермуханов қатысып , олар Абайдың дара , дана тұлға екендігіне, Абай тағылымдарының тәрбиелік мәніне , қарасөздеріндегі гуманистік , ағартушылық , əлеуметтік ойларына толықтай түсінік бере отыра ой толғады .Шараға студенттер қызығушылықпен, атсалыса қатынасты. 1вет1 оқу тобы студенті Салахиден Зейнелсаят 6 — қарасөзін жатқа айтты . 1 жду оқу тобы студенттері Шамардан Қасым «Өлсем орным қара жер, сыз болмаса? өлеңін нақышына келтіре орындап, Сағыныш » Желсіз түнде жарық ай » əнін орындады .Шара соңында Қамза ағамыз қатысушыларға бата берді . Шара өте əсерлі өтті . Өлді деуге сияма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен дбізбен бірге мәңгі жасай бермек