Бабамның маржан жыры, данамның нақыл сөзі терме өнерінің жаңғырып, кең құлаш жаюына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жас термешілерді анықтау мақсатында қыркүйек айында Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі- терме» атты жыршы –термешілердің облыстық конкурсы өтті. Осы сайысқа қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, «Жас қаламгерлер» үйірме жетекшісі А.К.Нугмарова өзінің шәкірті Сатжанұлы Ернатты дайындап, жыр додасына қатысып келді. Ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр және терме жанрында өнерлерін ортаға салған өнерпаздардың шеберлігінде шек болмады.Колледжіміздің майталман термешісі Сатжанұлы Ернат «Алғыс хатқа» ие болды.