Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай, жаңа 2022 жыл қарсаңында О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде Атырау қалалық ардагерлер кеңесі мен колледждің бастауыш Ардагерлер ұйымының бірлескен«Аграрлық саланың дамуы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Аталған кездесуде Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласының дамуына ерекше үлес қосқан еңбек ардагерлері өздерінің еңбек тәжірибесінде атқарған жүмыстары және осы саланың болашақ дамуы туралы өздерінің ой-пікірлерін білдірді.