
О.Көшеков атындағы аграрлы-техникалық колледжінің оқу залында кітапханшы С.К.Қуантаева мен №5 Атырау қалалық кітапханасының қызметкерлері Ауыл шаруашылығық қызметкелер күніне орай «Ауыл шаруашылығы — келешек кепілі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты — оқырмандарды ауыл шаруашылығының негізгі салаларымен таныстыру. Студенттер арасында мамандық тандауға көмек беруде әдебиеттер іріктеліп ұсынылды. Кітапханашы кітап көрмесін таныстыру барысында ауыл шаруашылығының негізгі салалары туралы мағлұмат берді. #Біртұтас_тәрбие_Атырау

