Балалар әдебиетінің бәйтерегі

9 қазанда  колледждің оқу залында  кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Шараға 1-ші және 2-ші курс студенттері қатысып, “Менің атым – Қожа” шығарманы талқылап, ойларымен бөлісті. #Біртұтас_тәрбие_Атырау