2024 жылдың 23-27 қыркүйегі аралығында О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі директордың орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, оқу тобы кураторлары, жауапты мамандар студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мақсатымен «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында колледждің ата-аналары арасында жиналыстар өткізді.
Жиналыстарда ата-аналар арасында талқыланғаны:
негізгі қауіптер (интернеттегі қауіптер; шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг; жастар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар; баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар; әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар),
өте маңызды балалар мінез-құлқының белгілері (көңіл күйдің кенеттен өзгеруі, агрессия немесе тұйықтық; үнемі шаршау, ұйқысыздық, мектептегі үлгерімнің төмендеуі; гаджеттерді пайдаланғанда құпиялылық, болған оқиғаларды талқылаудан бас тарту; баланың жасырын жаңа таныстарының пайда болуы; вербалды емес белгілер, ерекше өтініштер, сөздер, сөйлемдер мен әрекеттер),
cын тұрғысынан ойлауды және интернет қауіпсіздігін үйретуде «CyberSmart» немесе Google-дың «Be Internet Awesome» сияқты оқыту бағдарламаларын пайдалану,
отбасындағы ынтымақты дамыту, ата-ананың балаларына көңіл бөлуге уақытын үнемді тәрбиелеу.
Ата-аналарға маңызды және күрделі мәселелерге жауап табуға көмектесуге дайын Атырау облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл қызметін атқарушы Айжан Махсутовна Сарсембаеваның 87013525135 байланыс телефоны берілді.
Өте маңызды жиналыстарға қатысқандары үшін ата-аналар ризашылығын білдірді. #Біртұтас_тәрбие_Атырау