25 қазан 2021 жылы О.Көшеков атындағы аграрлы-техникалық колледжінде «Арнаулы –технологиялық пәндер» циклы апталығында «Балық шаруашылығы» мамандығы бойынша «Балықтар түрлерін зерттеу. Балықтар аурулары» атты пәндік олимпиада өтті. Шараға 2РХ1 тобының студенттері қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды: 1 тур-Теориялық тапсырма, 2 тур-Практикалық жұмыс. Олимпиада колледждің 313 кабинетінде өткізілді. Теориялық тапсырма бойынша студенттерге мамандық сабақтарынан тест сұрақтары таратылып, жауаптары алынды. Практикалық жұмыста әр түрлі балықтар көрнекі көрсетілді. Студенттер балықтардың түрлерін анықтады. Теориялық және практикалық тапсырмалар қорытындылары бойынша келесідей орындар берілді: 1 орын- Дюсегалиев Данияр, 2-орын Асланов Амирхан, 3-орын Суйндиков Саятқа берілді.Осыған сәйкес жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.