Білімді маман- ұлт болашағы

2019 жылдың  11-15 қарашасы аралығында  экономикалық пәндер бойынша «Білімді маман- ұлт болашағы» тақырыбында апталық  өткізілді.Апталықты ұйымдастырудың негізгі мақсаты- студенттердің жеке тұлғалық  қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін шыңдау,өз мамандықтарына , экономикалық пәндерге деген  қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылды.

Апталықтың алғашқы күні Ерболаева Жұмағыз Абенқызының  ұйымдастыруымен «Есеп және аудит» мамандығығы 3 курс  студенттерінің арасында «Салық және салық салу» пәні бойынша «Білімді жас-ел ертеңі» тақырыбындағы тренингімен басталды.. Бұл шарада студенттер пән бойынша алған білімдері мен дағдыларын тереңдетіп қана қоймай, болашақ есеп мамандары ретінде өздерінің  кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін де көрсете білді.

Апталықтың екінші күнінде Ақболатова Баян Жұмашқызы «1с :Бухгалтерия бағдарламасы бойынша бухгалтерлік есепті автоматтандыру»  пәнінен 3бух1 тобында «Касса операция есебі»тақырыбында ашық сабақ өткізді.Ашық сабақта студенттер пән бойынша алған теориялық білімдерімен бірге ,«1с :Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша іскерлік дағдыларын да көрсетті.                                                                                                                           Апталықтың келесі күні «Ұйым экономикасы» пәні оқытушысы Сәлімгерреева Ақмарал Әділшеқызы «Экономика әлемінде» тақырыбында 2бух1 тобының студенттерімен сайыс ұйымдастырды.Сайыс  7 кезеңнен тұрды.Әсіресе сайыстың «Жарнама», «Өз бизнесімізді бастаймыз»секілді кезеңдері қызықты,әсерлі болып өтті.

Апталықтың төртінші күні экономикалық пәндер оқытушысы Келдібаева Дәметкен Орынбасарқызы «Кәсіпкерлік және бизнес» тақырыбында кәсіпкерлермен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге жеке кәсіпкерлер Иржанова Жібек Жарылғанқызы, Жориев Теміржан Қуанышұлы,Дәулетқалиева Шолпан Хизатоллақызы қатысып.студенттерге өз бизнестерін жүргізуде кездескен қиындықтарды,кәсіпкерлердің бойында болуы тиісті қасиеттерді,алдағы күндерде өз кәсіптерін кеңейтудегі жоспарларын баяндап қана қоймай, студенттердің кәсіпкерлік туралы толғандырып жүрген сұрақтарына да жауап берді.

Апталықтың бесінші  күні экономикалық цикл комиссиясы оқытушыларының ұйымдастырған «Теңге-тәуелсіздік келбеті» тақырыбындағы мерекелік кешпен жалғасты.

Кеште студенттер теңгенің шығу тарихымен , оның бүгінгі таңдағы ел экономикасын дамытудағы алатын орнынымен танысты. Мерекелік кешке Астана банктің бас есепшісі Шаримова Қарлыға Тыныштыққалықызы қатысып,коллледж  оқытушылары мен студенттерді 15 қараша қаржыгерлер күнімен құттықтады. Сондай-ақ студенттер ақындардың Теңге туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып,ән айтылып ,би биленіп күй тартылды.Мерекелік кешті колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қабдолов Қанат Тарихұлы қортындылап, кештің өтуіне атсалысқан студенттерге алғыс айтты.