2022 жылдың сәуір айында колледждін бір топ мұғалімдері BOPPPS әдістерін үйрену мақсатында республикалық курстан өткен болатын. Биылғы оқу жылының қыркүйек айында “Ветеринариялық іс шаралар” тақырыбында BOPPPS моделінің әдіс тәсілдерін пайдалана отырып ашық сабақ өткізілді. Сабақ екі кезеңнен тұрды теориялық және тәжірибелік. Арнайы пән оқытушысы Изболова Арайлым Мадихатовна BOPPPS жүйесінің әдістерін пайдалана отырып сандық технологияларды қолданып сабақ жоспарының тиімділігі мен мақсатын ашып өз тәжірибесімен бөлісті.