2018 жылдың 22 қарашасында 0911000 – «Электрлі және электр механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша арнаулы пән оқытушысы Қанат Амангүл Қанатқызы «Кәсіпорындармен азаматтық ғимараттарды электрмен қамтамасыздандыру» пәнінен «Газразрядты шамдар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың міндеті: Пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып,студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту.Электр шамдарына қатысты білімін қалыптастыру. Газразрядты шамның түрлерімен құрылысын,қызметін, қолданылуын түсіндіру. Сабақ барысында үй тапсырмасын қайталау және сұрақтарға жауап беру, практикалық негізде қыздыру шамының жалғану сұлбасын көрсету жұмыстары көрсетілді. Жаңа сабақты, оқытушы Амангүл Қанатқызы көрнекілік құралдарды пайдаланып, яғни газразрядтық шамдардың түрлерін, құрылысын көрсету арқылы түсіндіріп, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын оятты. Қорытынды бөлімінде сергіту сұрақтары қойылып, «Бас қатырғыш сұрақтар, аспирин жауаптар», «РАФТ технологиясы», «Венн диаграммасы», «Жылжымалы ақпарат» сынды әр түрлі әдіспен студенттерден жаңа сабақ бойынша ақпараттар алынды. Сабаққа студенттер белсене араласып, газразрядтық шамдар жөнінде мол мағлұмат алды. Сабақ сәтті өтіп, өз мақсатына жетті деп бағаланды.