Дуальды білім беру

Дуальды білім беру өнеркәсіптің жоғары технологиялық талаптарына сәйкес келетін жұмысшы кадрларды даярлау арқылы өңірлердің инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралдарының бірі болып табылады. Дуалды жүйесінің принциптері – “іс-әрекет арқылы оқыту”, “процесс арқылы оқыту”.
Ауыл шаруашылығы ел экономикасының драйверіне айналу керек деген қағиданы О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі де мамандар дайындауда дуалдық оқытуды енгізу арқылы жүзеге асырып келеді. Бұл ретте колледжімізді қолдап отырған облыс аумағында қызметін ұйымдастырып келген «Жумагалиев Ш.В.» ЖК, «Ынтымақ» ШҚ, «Отбасы» ШҚ, «ҚызанақАгро» ЖШМ мекемелері басшыларына азаматтық ұстанымдары үшін алғымызды білдіреміз. Игі істеріңіз әрқашан оңға басып, әр қадамдарыңыз қарымды болсын, ел – қоғам алдында абыройыңыздың арта берсін.
«Жумагалиев» ЖК басшысы Жумагалиев Өтеміс Боранбайұлы колледждіміздің «Агрономия» мамандығының 20 студентін 21 ақпаннан бастап бастап жұмысқа алуға, оларға жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасауға міндеттеме алып, келісім-шартқа қол қойды.