Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары

О.Көшеков атындағы Атырау агро-техникалық колледжде 9 қыркүйек күні 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақ ойынын әлемдік «GUINNESS WORLD RECORDS» кітабына рекорд тіркеу жоспарлауына байланысты колледж оқытушылары мен студенттері онлайн флешмобқа қатысты. Тоғызқұмалақ – қазақ ұлттық ойыны, логикалық ойлау өнері. 2020 жылы ЮНЕСКО шешімімен тоғызқұмалақ адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енгізілді. 2022 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының шешімімен 9 қыркүйек күні Тоғызқұмалақ күні болып таңдалды. #Біртұтас_тәрбие_Атырау