“Еліміздің нұрлы болашағы-білімді ұрпақ” тақырыбында “Физика-математика және есептеу техникасы” пәндік бірлестігі 2021 жылғы 07-13 сәуір күндері өткізіп жатқан апталықта Математика сабағынан “ Фермер шаруашылығы” мамандығының 1ф1 оқу тобына “Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары” тақырыбында жоғары санатты математика пән оқытушысы Р.Ш.Наубетова ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты мен міндеті жаңа білімді меңгерту арқылы стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу, математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, мамандықты меңгеру мақсатында теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу болып табылады.