О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде 22-ші сәуір күні «Құрылыс-техникалық» цикл апталығының жұмыс жоспарына сәйкес. “Құйылатын едендердің және еденнің астына төселетін негіздерді құру жұмыстарының технологиясы және Құрылыс материалдары” пәндері бойынша. Арнайы пән оқытушылары:Бабашева Гаухар Амиржановна және Джайтлеуова Бақтылы Сиденовна «Жабын және еден түрлері» тақырыбында, 3с1 оқу тобына бинарлық ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты:Жабын және еден түрлері,оларға қойылатын талаптарымен танысу.Сабақ барысында еден жабындылары туралы екі пән бойынша толық ақпарат берілді. Студенттермен кері байланыс жүргізілді.Сабақ жоғары деңгейде өтті.