17 наурыз күні «Талап» КАҚ президенті Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы Атырау қаласына іс сапары барысында колледжімізге келіп, «Жас маман» жоба аясында алынған құрал-жабдықтардың мамандар дайындау үрдісінде пайдалану деңгейімен танысты. Жаңадан қайта жабдықталған шеберханалар мен оқу кабинеттерінде студент жастар заманауи қондырғылармен жұмыс жасау дағдылары мен кәсіби қалыптасу деңгейлерін көрсете білді.
Кездесу барысында Жастар жылы аясында енгізілген «Жас маман» жобасының еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау, орта білім алған мамандардың кәсіби біліктілігін артырудағы маңызы айтылып, материалдық-техникалық базаны жаңғыртып, жетілдіруден басқа кадр даярлаудағы халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары да талқыланды.