Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің оқытушылары, қызметкерлері және студент жастары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Лұқпанов С.Е., Атырау облыстық маслихатының хатшысы Наутиев Ә.И., «КТЖ» Атырау магистральды жүйе бөлімшесінің директоры Сапаров Е.К. кездесу өткізді. Аталған шарада қазіргі күні кең көлемде талқыланатын тақырыптың бірі Тәуелсіз елімізде болып жатырған тың өзгерістер, Мемлекет басшысының конституциялық реформа жасау, республикалық референдум өткізу туралы түйінді шешімі басты назарда болды. Оның саяси салмағы бар зор мәселе екендігі, мұның бәрі ел болашағы үшін жасалып жатырған нақты қадамдар екендігі кездесуге қатысушыларға мазмұнды баяндалды. Кездесу барысында ұжым мүшелері қонақтарға сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.