2018 жылдың 10 желтоқсан күні Атырау облысы Білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік әдістемелік орталығы мен Атырау аграрлы-техникалық колледжі бірлесіп, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және адам құқықтарын қорғау бойынша ұлттық жүйесін нығайтуында Бес институционалдық реформалар мен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын басшылыққа ала отырып, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдағанына 70 жылдығына орай және 10 желтоқсан Халықаралық адам құқықтары күніне арналған «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында құқық негіздері пәні оқытушылары арасында облыстық әдістемелік-іскерлік семинар өткізді.
Семинар жұмысын колледж директоры техника ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақов Ислам Исағалиұлы сөз сөйлеп ашып, әдістемелік орталықтың әдіскері Қаражігітова Нұргүл Хайыровна семинардың мақсатын түсіндірді.
Әрі қарай семинар құқық негіздері пәні оқытушысы А.Д.Сқақованың «Құқық қорғау органдары» тақырыбындағы ашық сабағымен жалғасты.
Сто технологиясы бойынша 3с1 оқу тобына өткізілген сабаққа Атырау қалалық әділет басқармасының басшысы А.С.Қадралиев қатысып,әділет органы қызметі туралы толық ақпарат береді.
Қазақстан құқығы пәнінен факультатив сабақ бойынша «Мемлекет,құқық және заң» тақырыбында 2 курс студенттері арасында пәндік шара өтті.Қазақ құқығының пайда болу тарихынан,қазақ хандығы тұсында қабылданған зандар туралы толық ақпарат берілді. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғы заңдары бойынша «Қазақ ханы», «Қазақ билері» ауылдары көрініс көрсетіп, әр заңның өз ерекшелігіне тоқталды. Рухани жаңғыру аясында өткізілген шара барысында А.Д.Сқақова Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры»мақаласын басшылыққа ала отырып,қазақ халқының қанында бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді оқушы бойына ұғындыруға тырысты.
Семинар жұмысы басқа кәсіптік орта білім оқу орындарынан келген әріптестердің панорамалық сабақ,баяндамаларын қорғаумен жалғасты.Семинар қорытындысы бойынша қатысқан оқытушыларға сертификаттар табыс етілді.
Құқықтық мемлекеттің жас ұрпағының бойына заңды құрметтеу, өз құқықтарын білу сияқты дағдыларды қалыптастыратын бұл семинардан оқытушылардың да алары аз болған жоқ. Тағы да халықаралық адам құқығы күні құтты болсын, құқығымыз тапталмасын.