
2024 жылдың 11 желтоқсанында онкүндік жоспарына сәйкес «Инновациялар және болашаққа қадам» тақырыбында техникалық шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – 07140100-Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару, 07140500-Сандық техника мамандық студенттерінің (жетекші — арнайы пән оқытушысы А.Б.Казиева) ғылыми-техникалық шығармашылығын көрсету, құрастырушылық ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесу, озат іс-тәжірибелерін анықтау және насихаттау. Көрме барысында 2ау1 тобынан — Чистякова Ангелина, Мақсот Лейла, Қуаныш Әддар, Серікқали Айбек; 2цт1 тобынан — Бериков Бексултан, Маратов Аслан — жобаны жоғары дәрежеде қорғағаны үшін О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі директорының Алғыс хатымен марапатталды.








