«Кitap Time – 2024»

20 қыркүйек Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында О.Көшеков  атындағы  Атырау аграрлы-техникалық колледжінің кітапханашасы С.К.Қуантаева және топ кураторлары Қ.П.Халелова, А.Ж.Жұмажан, М.М.Хатенова «Кitap Time – 2024» III жалпы республикалық кітап фестиваліне орай «Ашық есік» күнін өткізді. Атырау аграрлы-техникалық колледжінің 2вет1, 1ау1, 2цт1 топтары қатысты. Студенттер жаңадан толықтырылған әдебиеттермен танысып, ой талқыға қатысты, қызықты тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болды.#Біртұтас_тәрбие_Атырау