Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһандануының негізі

     18 қыркүйек айында «Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһандануының негізі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік On-Line конференция өтті. Конференцияға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.К.Нугмарова қатысып,өз баяндамасын оқып келді. Республикалық ғылыми-тәжірибелік On-Line конференция жұмысында белсенділік танытқаны үшін А.К.Нугмарова «Алғыс хатпен» марапатталды.

     Конференция жұмысы Online.ripkso.kz/atyrau кабинетінде өтті. Оған колледждің «қазақ-орыс,ағылшын пәндері» цикл мұғалімдері  қатысып,тыңдады.