Математика пәнінен ашық сабақ

Ақпан айының 22 жұлдызы күні О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледждің “Физика-математика және есептеу техникасы” пәндер бірлестігінің онкүндігі жоспарына сәйкес математика пәнінің жоғары санатты оқытушысы Кереш Шұға Сарсенғалиқызы “Функция графигіне жүргізілген жанама” тақырыбында 1этм1 оқу тобына математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақта оқытудың озық, инновациялық технологияларын қолданып, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып өткізді. Сабақта ойын элементтерін, оның ішінде Кахот ойынын ұтымды пайдаланды.