Мен Тәуелсіз елдің ұрпағымын!

О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің оқу залында  кітапхана меңгерушісі А.М.Бекбаулова, кітапханашы С.К.Қуантаева, топ кураторлары – Н.Н.Мухангалиева, Н.С.Баймукашева, Ж.А.Кашимова — ұйымдастырған 25 қазан — Қазақстан Республикасы күніне орай «Мен Тәуелсіз елдің ұрпағымын!» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өткізіліп, «Менің Отаным — Қазақстан» арнайы кітап көрмесі дайындалды. Ақпараттық сағатқа 2гк1,1зем1, 1стр1 топтарының студенттері белсене қатысып, өздерінің тарихқа деген қызығушылықтарын білдірді. Танымдық сағаттың соңында студенттерге «Тәуелсіздік шежіресі» атты видеоматерал ұсынылды. #Біртұтас_тәрбие_Атырау