«Мұрат Мөнкеұлы» оқулары байқауы

18 қыркүйекте Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау Орталығы» өткізген Жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында «Мұрат Мөнкеұлы» оқулары байқауының облыстық кезеңінде «Екі жақты бір тілді. Сөйлейтін сөзге шешенмін…» бағыты бойынша, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің 1-ші курс студенті Сүндет Шәкәрім жүлделі II орынмен марапатталды. Байқауға дайындаған жетекші – К.П.Халелова, Тілдер  пәндер цикл комиссиясының төрайымы, «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің оқытушысы. #Біртұтас_тәрбие_Атырау