«Орта ғасырдағы түркі мәдениеті» тақырыбындағы ашық сабақ

2018 жылдың 7 желтоқсанында мәдениеттану пәні оқытушысы Нұрмұханова Венера Әлімбайқызы «Орта ғасырдағы түркі мәдениеті» тақырыбында 2жд2 оқу тобында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты -көне түріктердің жазба мәдениеті мен әдебиеті, наным-сенімдері, діні туралы түсінікті қалыптастыру, Қазақстанда өмір сүрген түркі тайпалары жайында мағлұмат беру болды.

Қазіргі Қазақстан және Орта Азияны мекендеген халықтардың көне тарихы негізінде ортағасырларда пайда болған түркі мәдениетінің ерекшеліктеріне,  әлемдік мәдениеттегі орнына назар аудартып, студенттер түркілердің шығу тегін,  Ортағасырлық қалалардың өсуі, сәулет құрылыстарын, материалдық және рухани мәдениеттің дамуы, ғылым мен діні, Ортағасырлық кезеңдегі тарихи ескерткіштер, Орхон-Енисей ескерткіші көне түркі    жазбасы, «Қорқыт ата кітабы» мен «Оғыз наме» түркілердің ортақ мұрасы, М.Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі»  түркі тайпалары туралы зерттеулер, Ж.Баласағұн «Құтты білік» – энциклопедиялық еңбек, Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы» еңбегі Әл-Фараби мұралары, А.Иассауи «Диуани хикмет» тақырыптарын қарастырып, талқылады.

Студенттер жұптық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстарын «Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Иүгінеки, Әбу Насыр Әл-Фараби» туралы мағлұматтар дайындап, слайдтарын қорғады. Қожа Ахмет Иассауи туралы бейнебаянды тамашалады, оқытушы толықтай  түсінік берді.

«Джигсо» әдісі арқылы «Орхон Енесей ескерткіштері», «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз наме», «Диуани хикмет» сұрақтарды талқылады.

Сабақты бекіту кезеңінде «Тұлғаны тап», «Тарихи диктант», «Сәйкестендіру тесті», «Екі шындық, бір өтірік» әдістері пайдаланды.  Кері байланыс «Ұшақ» стратегиясы арқылы жүзеге асты. Оқытушы  «Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы – ТҮРКІСОЙ түбі бір түркі жұртының ортақ материалдық және мәдени игілігін сақтап, дамыта отырып, болашақ ұрпаққа аманат етуді көздеген түркітілдес елдердің халықаралық ұйымы құрылғаны туралы» айтып,   сабақты қорытындылады.