Практикалық сабақтарды өткізудің әдістемесі

30.03.2021 күні колледждің әдістемелік кабинеті мен арнаулы – техникалық пән бірлестігінің ұйымдастырылуымен «Практикалық сабақтарды өткізудің әдістемесі» тақырыбындағы семинар өтті. Семинардың мақсаты арнаулы пән оқытушыларына практикалық сабақтарды өткізуге әдістемелік көмек беру. Семинарға жас мамандар қатысты. Шара басында колледж әдіскері А.Д. Сқақова жас мамандарды арнаулы -техникалық пән бірлестігінің оқытушыларын таныстырып өтті. Директордың оқу- әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары А.С.Искалиева жалпы практика жөнінде сипаттама берді. Пән оқытушылары оқу практикалары, жұмысшы біліктілігін алу, өндірістік және диплом алды практикаларының өткізу әдістемелеріне тоқталды. Нәтижесінде жас мамандар нұсқаулық карталардың түрлерімен, оларды тиімді қолдану жолдарымен танысып, білім алушының жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың әдістемелерінен мағлұмат алды.