Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауын оқырмандар арасында насихаттап, қолдау мақсатында «О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы – техникалық колледжі» мен № 5 Атырау қалалық кітапхана ұжымдары арасында біршама шаралар ұйымдасырылды. Соның жалғасы ретінде қалалық кітапхан қызметкері Қуанышова Р. мен колледждің кітапхана меңгерушісі Қуантаева С.Қ. бірлескен «Жолдау басты бағдар» тақырыбында кітапханашылар ұйымдастырумен 1вет1 оқу тобы студенттерімен ақпарат сағаты өткізілді. Ақпараттық сағат барысында Жолдауға шолу жасалып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында білім беру саласында сапалылықты арттыру, оқулықтың құндылығын жоғарылату, сапалы білім алу үшін жоғары оқу орындарына түсуге жүйелі дайындық жүргізіп, дарынды жастардың қабілетін шыңдау мақсатында дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырғаны туралы да ақпарат берілді.