
26 қарашада Абай атындағы Оқушылар орталығында «Адал табыс – адал азамат» тақырыбында «Саналы ұрпақ» клубы мүшелерінің Республикалық 1-ші слеті өтті. Шараның мақсаты — адамгершілігі жоғары, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік-құзыретті азамат пен патриоттың қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау. Оған О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің «Саналы ұрпақ» клубы мүшелері белсене қатысып, көрме ұйымдастырды. Клубтың міндеттері — студенттердің құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру; студенттердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін қалыптастыру; және жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. #Біртұтас_тәрбие_Атырау


