2024 жылдың 10 желтоқсанында Информатика пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы М.М.Хатенова 2ЦТ1 оқу тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы – «Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру»
Сабақтың мақсаты – Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру. Сонымен қатар, студенттер санау жүйелерінің түрлерін, оның ішінде позициялық және позициялық емес санау жүйелерін білді, сандарды ондық жүйеден екілікке, сегіздікке, он алтылыққа аударады және кері бағытта аударады, санау жүйесін моделдеді, жаңа тәсілдерді қолдана отырып, есеп шығару және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырды, кез келген абстракциялық ұғымды компьютерлік моделдеді. Сабақ барысында студенттер «Миға шабуыл» әдісін, «Интерактивті дәріс» әдісін пайдаланды,есептердің шығарылу жолын тақтада түсіндірді, аралас оқыту технологиясы, бетпе-бет және онлайн білім беруді біріктірді, компьютермен жұмыс жасау ережесін жасанды интеллект арқылы түсіндірді, топтық шығармашылық жұмыс жасады. Бұл сабақ студенттердің жаңа тақырыптың маңызын терең түсінуіне ықпал етті.