Студенттердің ар-намыс кодексі

Атырау аграрлы-техникалық колледжі студенттерінің қауымдастығы:

  • Колледждің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы және миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып,
  • Қазақстан Республикасындағы аграрлық білім берудің көшбасшысы ретінде ААТК имиджін және корпоративті мәдениетін дамыту мен қолдауды өзінің міндеті ретінде санай отырып,
  • ААТК студенттері, оқытушылары, қызметкерлері және жоғарғы оқу орнының әкімшілігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып,

ААТК студентінің осы Ар-намыс Кодексін қабылдайды және оны қалтықсыз орындауға міндеттенеді.

 

1-бап.
ААТК студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, ААТК Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін, студенттер үйінде тұру Ережесін, ААТК оқытушылар құрамының, қызметкерлері мен студенттерінің этикалық Ережесін және оқу-тәрбие үдерісін реттейтін басқа нормативті-құқықтық актілерді сақтауға міндеттенеді.
2-бап.
ААТК студенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын біледі және қастерлейді, колледж  дәстүрлерін кіршіксіз сақтап, құрметтейді.

3-бап.
ААТК студенті басқа студенттермен, оқытушылармен және қызметкерлермен, әкімшілікпен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік және ұқыптылық танытады.
4-бап. 
ААТК студенті кез-келген азаматтың шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік дәрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан құрметпен қарайды, ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі идеясы мен қағидаттарын насихаттайды.
5-бап. 
ААТК студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық, этикалық және құқықтық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:

  • плагиат,
  • алдау,
  • білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында шпаргалка пайдалану, көшіру және біреуден сұрау;
  • жоғарыбағаалуүшінтуысқандықнемесеқызметтікбайланыстарды пайдалану;
  • пара беру;
  • оқытушыныалдаужәне оны сыйламау;
  • сабақтардысебепсізжіберужәнекешігу.

6-бап.
ААТК студенті Қазақстанның болашақ экономикалық, саяси және басқару элитасына лайықты сапалы және бәсекеге қабілетті білім алу идеясын насихаттайды.
7-бап.
ААТК студенті колледж мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды және колледж аумағында құқық бұзушылықтардың орын алуына жол бермейді.
8-бап.
ААТК студенті колледжінің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына ұқыпты қарайды және бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.
9-бап. 
ААТК студенті ұқыпты киінеді. Оның сыртқы түр-келбеті зайырлы қоғамның жалпыға ортақ этикалық нормаларына сәйкес келеді.

10-бап. 
ААТК студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, университеттің қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене атсалысады.

11-бап. 
ААТК студенті колледжге және оның аумағынан тыс жерлерде де құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге тиіс.

12-бап.
ААТК  студенті елдегі тәртіптің тұрақсыздануына әкеп соғатын ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.
13-бап.
ААТК  студенті колледж мүддесіне қайшы келетін және оның имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез-келген іс-әрекетке қатысудан бой тартады.
14-бап.
ААТК  студенті студенттік қоғамдастыққа кіретінін мақтаныш тұтып, корпоративті біртұтастық сезім қалыптастырады.

15-бап.
ААТК студенті аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын байқаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе ААТК әкімшілігіне хабарлауға құқылы.