
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық эколологиялық акциясы аясында Атырау облысы Білім беру басқармасының қолдауымен Жайық өзені жағалауында өткізілген «Таза Қазақстан-Таза қуат» тазалық акциясына О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжоқытушылары мен студенттері қатысып, белсенділік танытты. Осы акцияға үлес қосқан оқытушылар мен белсенді студенттер колледж аумағын абаттандыру жұмыстарына атсалысты. #Біртұтас_тәрбие_Атырау


