Үздік авторлық әдістемесі

Атырау облысы Білім беру басқармасының  әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Техникалық және білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін  оқытудың үздік авторлық әдістемесі» тақырыбында  облыстық  конкурс болып өтті. Аталмыш байқауға  колледжімізден қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Халелова Қарлығаш Пушкиновна қатысып, облыстық Алғыс  хатқа ие болды.

Конкурстың І шарты бойынша қатысушы қазақ тілін оқытудың авторлық әдістемесінің презентациясын (5 слайдтан артық емес) ұсынса, ІІ шартында бейнеролик яғни, байқау ережесіне сәйкес жазылған бір сабақтың бейнесін көрсету негізделді. Конкурсқа облыс, аудан көлеміндегі өзге тілді студенттерге дәріс беруші ұстаздар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.