«Туған өлкемнің шежіресі»

Атырау облысы Білім беру басқармасының қолдауымен  колледждің 2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру кешенді тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес 4-желтоқсанда студенттер «Сарайшық» мемлекеттік тарихи мәдени музей қорығына барып еліміздің даму тарихында ерекше орны бар өлке тарихымен танысты.  Студенттермен бірге шара жетекшілері Г.М.Шамұратова мен В.Ә.Нұрмұханова осы саяхаттан алған әсерлерімен бөлісті. #Біртұтас_тәрбие_Атырау_2024