05 қырүйек Ахмет Байтұрсынұлының туған күні- Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді. Соған орай бүгін, яғни 05.09 күні Тілдер мерекесіне орай «Қазақ- ағылшын және орыс тілі» пәндік циклының «Тіл тағдыры – ұлт ғұмыры» атты онкүндігінің ашылу салтанатына арналған әдеби – сазды тәрбиелік шара өтті.
Шараны директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қанат Тарихұлы ашты.
Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Қарлығаш Пушкинқызы мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлбақыт Тапайқызы жүргізді.
Шара үш тілде өтті. Колледж кітапханашысы Салтанат Қайырқызы Алаш арысы,Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған кітап көрмесімен аныстырды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Айғаным Күресқызы «Анамның тілі» әнін, 1жд2 оқу тобының студенті Утеғали Бақнұр «Бір ел болса» әнін орындады.
Көрермендерге тілге қатысты сұрақтар, мақал-мәтелдер сайысы, «Тәжірибе» сөзінен мағыналы сөздер құрастыру, адасқан өлең жолдарын қалпына келтіру секілді тапсырмалар берілді.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп Абай атамыз айтқандай,аталмыш шара студенттерге мемлекеттік тілімізді сүюге, тілдің мәртебесін арттыруға ықпалын тигізді.