«Тұғырың биік болсын, Қазақстан!»

Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Егемен еліміздің бірлігі мерекесі Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Колледж ұжымын директордың міндетін уақытша атқарушы Лапиденова Маржан Сисекенқызы құттықтады. Тәуелсіз еліміздің даму тарихының әр сатысына тоқталған жүргізушілер, 28 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді әсерлі баяндады. Салтанаты шараның маңыздылығына өз үлестерін қосқан өнерлі жастар, терең мағыналы сазды бағдарлама ұсынды. Шара барысында соңғы жылдары еңбек биігінен көрінген оқытушылар мен қызметкерлер ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грмотасымен марапатталып, «Nur Оtаn» партиясының Атырау қалалық филиалының және колледж директорының Алғысына бөленді. Өте қуанарлық жағдай, колледж қабырғасында тәлім алып жтаырған 10-нан астам ұлт өкілдерін біріктірген «Достық-Дружба» интернационалдық студенттік клуб мүшелері мемлекеттік тілде құттықтап, өз өнерлерін ұстаздарына арнады.