Атырау аграрлы – техникалық колледжінде 29.11.2018 күні тұңғыш Президент күніне арналған « Елбасымның еңбегі – халқымыздың мерейі» атты Президент сағаты өтті. Ұйымдастырушылар – әлеуметтік – гуманитарлық пәндер циклдік комиссиясы. ҚР Президентінің балалық, жасөспірімдік шағынан көріністер қойылып, слайд-шоу, бейнефильмдер арқылы Елбасымыздың еңбек жолынан, Президенттік қызметінен толық ақпарат берілді. Астананың бас архитекторы ретінде жаңа астананы салудағы ерен еңбегін, жүзеге асып жатқан идеяларын айшықтап көрсетті. Елбасы сөзіне жазылған «Елім менің», «Үш қоңыр», «Город мой» әндерінен поппури орындалады.
Колледжде білім алып жатқан әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған «Достық» клубы мүшелері қазақ, орыс тілдерінде мерекелік құттықтау жырларын арнады. Ән мен жырға бөленген залға ұйымдастырушылар Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп кіргенде, көрермендер ерекше толқыныста болды. Елбасының сарабдал саясатын, тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара өз мақсатында жетті.