«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері, мәселелері, келешегі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

2018 жылдың 15 қарашасында экономикалық пәндер циклдік комиссиясы оқытушылары «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері, мәселелері, келешегі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі  бағыттарын, тәуелсіздіктің экономикалық негіздерінің қалыптасуын, әлеуетті мүмкіндіктер негізінде елдің экономикасындағы өзекті мәселелері мен ұлттық валютаның тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша ақпарат алмасу болды.

Конференция жұмысына  ҚР Білім және ауылшаруашылығы салаларының үздігі, экономика ғылымдарының кандитаты, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы  – Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы, АҚ «БанкХоумКредит» еншілес Филалының сату  бағытының басшысы Хинекин Қанат Мұратұлы, Атырау мұнай және газ университетінің  мұнай факультетінің деканы  орынбасары  Маниев Жанибек Куралбекович және облыстағы колледждердің оқытушылары мен студенттері қатысты. Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша өтті:

  • Қазіргі экономикада ұлттық валютаның рөлі;
  • Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті экономикасының қалыптасуы;
  • Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қазіргі жағдайы мен болашағы
  • Қазіргі таңдағы еліміздің әлеуметтік саясаты: халықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру;
  • Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында агороөнеркәсіп кешенінің даму мүмкіндіктері.

Конфенция қортындысында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.