Цифрландыру –бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт

20.01.2022 жылы “Физика-математика және Есептеу техникасы” цикл комиссиясының “Цифрландыру –бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт” тақырыбындағы апталық жоспарына сәйкес Саримова Салтанат Маратқызының «Заманауи мұғалімге арналған Canva сервисі» тақырыбындағы шеберлік сыныбы өтті.
Мақсаты: Желілік әлеуметтіу сервистің мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, Canva.com сервисінде креативті слайд жасау.
Шеберлік сыныбының кері байланыс кезінде әртүрлі әдіс-тәсілдер практика жүзінде көрсетіліп, қатысушылар тәжірибе алмасты.