Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай , Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру ” атты мақаласы аясында, алғашқы педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай, “Ұлы ұстаз ұлағаты” тақырыбында О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжінің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі, ” Үздік маман”, “Жылдың жүз үздік мұғалімі”, ” Қазақстанның білім беру ісінің қайраткері”атты төсбелгі иегері А.К Нугмарова облыстық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында, шақырылған қонақтар , облысымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ардагер ұстаз С.Сапанов жəне Атырау облысының құрметті азаматы , ауылшаруашылығының ғылым докторы, профессор -Б.Ж Таубаев ағаларымыз Ыбырай атамыздың ағартушылық қызметі, еңбектері мен оның тəрбиелілігі туралы кеңінен талқылады.”Жас қаламгерлер” атты үйірме мүшелері жəне Атырау – гуманитарлы қ колледж студенті сахналық қойылым көрсетіп, Ыбырай мен анасының ролін образға кіріп,өте тамаша сомдады. Өз туындыларын нақышна келтіре оқыды.Облыстық дөңгелек үстелге облыстағы əр оқу орнынан студенттер, жетекшілері де қатысып, өз туындыларын оқып , Ыбырай еңбектері туралы жіті айтып берді. Қ.Дүтбаева атындағы колледж студенттері Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметіне тоқталып, ойын өте жақсы жеткізді. Келген қонақтар тəрбиелі, мəнді, ғибратты əңгімелер айтып, студенттерге ой салып, оқуға , тəртіпті болуға шақырды..Соңында белсене қатысушыларға ” Алғыс хат” табыс етілді. Қонақтар студенттердің өнеріне, сахнада өзін ұстап, ойын ашық айтуына, болашақта тағы да қатысуға шақырып ризашылықтарын білдірді.Студенттер дөңгелек үстелден қажетті əсер алғандығын айтты.