20 желтоқсанда 2ЭТМ1 тобына арнайы пән оқытушысы Ә.Ш.Бермуханова «Электрокерамикалық материалдар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты –электрокерамикалық материалдар туралы түсінік беру, оларды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру; мамандыққа бағдарлау, жауапкершілікке баулу.
Сабақ барысында: үй тапсырмасы Wordwoll әдісімен ұяшықтарды таңдау арқылы сұралды; алдын ала тапсырма беру әдісі бойынша үш тип туралы (диэлектриктер, ферриттер, пиезоэлектрлік материалдар) студенттер презентация қорғады; «Шыншыл немесе батыл» тақырыбында сұрақтар арқылы ойын ойналды; Венн диаграммасы құрылды. Кері байланысқа «мentimeter» әдісі, рефлексияға «жаңа жылдық шырша» әдісі қолданды. Бұл сабақ студенттердің алған білімін өмірде қолдана білуге ықпал етті.