1-мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесі қарсаңында, 30 сәуір күні О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің «Достық –Дружба» студенттік клубының студенттері тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы Алиханова Райхан Ерханқызының жетекшілігімен №5 қалалық кітапханамен бірлесе отырып, «Қазақстан –мейрімділік мекені» атты танымдық-ақпараттық шара өткізді.
Мақсаты:Студенттер арасында достық қарым-қатынас орнату;студенттерге бір-бірін құрметтеуге,бағалауға, көмектесуге дағдыландыру;әр түрлі ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынас дамытуға тәрбиелеу;патриоттық рухта тәрбиелей отырып,Отанға деген сүйіспеншілігімен құштарлығын арттыру.
Кіріспе бөлімінде №5 қалалық кітапхана қызметкері Қуанышева Рауан Өткелбайқызы «1 мамыр ҚР халқының бірлігі күні» тақырыбына байланысты тың мәліметтер келтіре отырып,баяндама жасады.Қазақ фильм киностудиясы түсірген «Жерұйық» фильмнен үзінді көрсетілді.Студенттер аса қызғушылық танытып,түрлі сұрақтар қойды.
Шараны «Достық – Дружба» клубының белсендісі 1 бух 1 тобының студенті Карташова Елена жүргізді.Негізгі бөлімде Верушкина Кристина,Самарцев Станислав,Ни Карина,Абулхайыров Әділжан,Тілепқалиев Медет,Ульянова Евгения орыс,қазақ,кәріс,украин тілдерінде достық,бірлік,ынтымақ туралы өлеңдерін оқып, шараны ажарландыра түсті.Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде мақал-мәтел айтудан бір-біріне дес бермеді.Сондай-ақ,Қазақстан Республикасының тарихы туралы викториналық сұрақтарға жауап берді.
Шара соңына қарай студенттер бір-бірінің қолын ұстап, дөңгелек құрып: «Біз бірге,бір жанұя!» деп аяқтады. Сонымен бірге, «Достық –Дружба» клубының жетекшісі, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы Алиханова Р.Е. және №5 Қалалық кітапхана меңгерушісі Майева Гүлбаршын Жаденқызы студенттерге 1 мамыр мерекесінің тарихи маңызына тоқтала келіп,өздерінің жылы лебіздерін білдірді.Алдағы уақытта тығыз шығармашылық байланыста болатынын атап көрсетті.
«Достық-Дружба» студенттік интернационалдық клубы