О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы – техникалық колледжінде «Тілдер» пәндік цикл оқытушыларының ұйымдастыруымен Ұлт ұстазы, ағартушы – ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі аталып өтті.
Мерекелік шараға Алаш қайраткерлерінің нақыл сөздерімен өрнектелген «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбымен қабырға тақтасы жасақталынды. Тіл мамандары студенттерді патриоттық әнмен қарсы алып, таңғы көңілді күй сыйлады. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қанат Тарихұлы студенттерге Төл әліпбиіміздің атасы Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәлімет беріп, Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтады. Пән оқытушылары студент жастарға қазақ- орыс, ағылшын тілінде сұрақтар жасырып, тәттілер мен ыстық бауырсақтар ұсынды. Сонымен қатар, қазақтың танымал тұлғаларын жастарымыздың қаншалықты дұрыс танитындығын аңғару мақсатында Алаш зиялыларының суреттері көрсетілді. Қазақтың ұлы тұлғаларының суреттерін мүдірмей таныған студенттер өлеңдерін де жатқа айтты.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» – деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне сай белгіленген бүгінгі күн – біз үшін ең маңызды мерекелердің бірі, себебі тіл адамның қарым – қатынас, ойлану құралы және халқымыздың ең құнды байлығы.