«Қазақ хандығы»

1ЖД1 оқу тобында Қазақстан тарихы пәнінен  «Қазақ хандығы» тақырыбына  ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттердің білімділік деңгейі анықталып, Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы даму үдерісін, біртұтас қазақ мемлекеті болып дамығандығына қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер еткендігін түсіндіріп, қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықталды. Сабақ мақсаты- студенттердің ауызекі сөйлеу дағдыларын  сұрақ- жауап арқылы дамыту, сөз қорын молайту, қазақ хандығының құрылуы және ішкі сыртқы саясаты туралы білімдерін, ойлау қабілеттерін дамыту болды. Студенттерді тәрбиелеуге бағыттай отырып, тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыруға атсалысты.