18 қарашада колледждің әлеуметтік педагогі Ж.Б.Тауманова және Атырау облысы бойынша “Ауыл” партиясының өңірлік филиалы “Мейірім құшағы” әйелдер, балалар және отбасы ісі жөніндегі Комиссияның бастамасымен 1-2-ші курс студенттерін семинарға қатысуын ұйымдастырып, Халықаралық студенттер күніне орай “Қаржылық сауаттылық” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинарды тәжірибелі тренер жүргізіп, интерактивті форматта өтті, іс-шара барысында жастарға қаржы жоспарлау, жеке қаражатты тиімді басқару, жинақ жасау және қаржылық қауіпсіздік негіздері туралы кеңестер берілді. Шара соңында белсенділік танытқан студенттерге сыйлық сертификаттары табысталды. Бұл іс-шараның мақсаты – жас буынға қолдау көрсету, олардың өмірлік дағдыларын жетілдіру және қоғамның дамуына үлес қосу. #Біртұтас_тәрбие_Атырау