«Қысым, вакуум және оларды өлшеу аспаптары» тақырыбында ашық сабақ

2АУ1 тобына арнайы пән оқытушысы Н.Р.Истаева «Қысым, вакуум және оларды өлшеу аспаптары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты – қысым, вакуум ұғымдарын түсіндіру, олардың табиғи және жасанды түрлерін талқылау, қысымды өлшей аспаптарының түрлерімен танысу. Сабақ барысында: бейнеролик көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықталды, сабақтаң күтілетін нәтиже бірлесіп талқыланды, «Миға шабуыл», «Интерактивті дәріс», «Түртіп алу» әдістері пайдаланды, қысымды өлшеу аспаптарының түрлерімен (монометр, барометр, вакуумметр) таныстырылды, Венн диаграммасын толтыру арқылы қысымның табиғи және жасанды түрлері талқыланып, кесте толтырылды. Бұл сабақ студенттердің өндірістік процестердегі өлшеу аспаптардың маңызын терең түсінуіне ықпал етті.