Құзыреттілік орталығының ашылу салтанаты

2021 жылдың 19 мамыр күні О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы –техникалық колледжінде «Жас маман» жобасын жүзеге асыру мақсатында Атырау облысы Білім беру басқармасы мен Әдістемелік кабинетінің кәсіптік және техникалық білім беру бөлімінің қолдауымен Құзыреттілік орталығының ашылу салтанаты өтті. Қазіргі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі сапалы білім жүйесімен, сонымен қатар, азаматтарының білім-білік деңгейімен анықталады. Сондықтан білім беру саласы заман талабына сәйкес дамуы тиіс. Бүгінде еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беделін көтеру -басты назарда. Мұндай қадам жұмыс берушілердің талаптарына сай білім беру бағдарламаларының мазмұнын үнемі жаңартып отыруға да мүмкіндік бермек. Осы мәселені шешуде колледждерде халықаралық тәжірибелер белсенді зерделеніп, жаңа мазмұнды бағдарламалар дайындау бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Құзіреттілік орталығы арқылы колледж беделін қоғам алдында және жұмыс берушілер алдында көтереміз. Жұмыссыз жүрген немесе мамандығын өзгерткісі келген жастар қайта даярлаудан өтіп, табысты жұмысқа араласуына мүмкіншілік туады. Бұл орталық WorldSkills қозғалысы бойынша салалық құзыреттілік орталықтарына айналады. Нарықтың өзгерісін алдын – ала болжап отыратын маркетинг- орталық деп те қарауға болады.