«Құрылысшы-мәртебелі мамандық» тақырыбындағы апталықта құрылыс техникалық пәндер циклының арнайы пән оқытушысы Макашева Ақзат Мұратқызы 3с3 оқу тобында «Үйлер мен ғимараттар конструкциясы» пәні бойынша «Терезе. Есік. Қақпа» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты өндіріс ғимараттарындағы есік, терезе, қақпаның ұғымы мен түрлері. Өндірістік құрылыста техникалық қауіпсіздікті сақтауға, өндіріс ғимаратының есік, терезе, қақпаларының құрылымдарын түсіндіріп білуге оқыту.
Ашық сабақта үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы тексеріп, шыққан сурет бүгінгі біздің тақырыбымыз шығатындығы айтылды. Сұрақтар шешімін тапқанда астында есік, терезе, қақпа суреттері болатын. Яғни суреттерге назар аударт арқылы жаңа сабаққа түсті. Жаңа сабақты түсіндіруде слайд, қолмен терезені, есікті көрсету, түсіндіру арқылы толық мағлұмат бере отырып, оның жетіспеген жерін толықтыру мақсатында «Көргенді түю» терезенің құрылымы туралы видеоролик көрсетті. Видеороликті сұрақ қою арқылы бекітті. Сергіту сәтінде «Құрылысшылар маршы» атты өлеңге жаттығу жасалды. Ақпаратты меңгергендігін байқауда СТО технологиясының кейбір элементі ВЕНН диаграммасын, БББ стратегияларын пайдалану арқылы студенттердің білімдерін тексерді. Барлығы бір бірімен байланысты болды.
Болашақ маман ретінде есік, терезе және қақпаның қандай түрлері бар, қалай қайда орнатылады, құрылымдары туралыбілуге көкейде жүрген сұрақтарға толық жауаптарын алуға үлкен мүмкіндік жасады.
Бұл ашық сабақта топ студенттері өздерінің арнай пәндерді жақсы меңгергендігін жақсы байқатты. Оқытушы өзінің ұйымдастыру шеберлігін өз деңгейінде пайдалана алды.
Ашық сабақ «Құрылыс жинақтау өндірісін ұйымдастыру және технологиясы» пәнімен жақсы байланыстырды.
Сабақ соңын бағалаумен қорытындылады.
Ашық сабақ өте жақсы деңгейде өтті.