Педагогтердің қоғамда оң имиджінің қалыптасуына, ұстаз мәртебесінің артуына, білім беру саласына тәуелсіз сараптама жасап, үздіктерін анықтап, оларды көтермелеу бағытында қоғамдық сектордың маңыздылығы зор. Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттерді орындап, қоғамда педагог мәртебесін көтеру, білім саласында өз жұмысын адал, сапалы әрі жауаптылықпен орындайтын білікті мамандарды ынталандырып, өзге әріптестеріне үлгі ету мақсатында «Үздік педагог – 2022» облыстық
байқауы өткізілді. Бұл байқауға О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Айгүл Есенқұлқызы қатысып, II кезеңнің жеңімпазы атанды. Өзінің кәсіби шеберлігімен көшбастап жүретін мықты ұстаз Айгүл Есенқұлқызын жеңісімен құттықтай отырып, мол денсаулық,шығармашылық табыс тілейміз.